20 Қаңтар, 2015

Қымыздан   – дәрі

281 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
жасап таңғалдыру Павлодар облысының Қазы ауылында жүзеге асырылғалы отыр Аудандағы Қазы ауылы «Алтай» шаруа қожалығы бие сүтін құрғақ күйіндегі таблетка тәріздес етіп шығаратын өндіріс ашпақшы. Қожалық Германияның Орталық Азиядағы өкілдігі арқылы заманауи құрал-жабдықтарын сатып алуға көмектесу бойынша келіссөздер жүргізуде. Әрине, қымыздан дәрі жасайтын шетелдік құрал-жабдықтың құны қымбат. Ауылдың Малыбай, Қазы деген аттарына сай, несие арқылы жол ашылса, қымыздан дәрі жасау – жаңалық. Қымыз өндірісімен айналысатын шаруашылық 1992 жылы ашылды. Қазір жебе тұқымдас 700-дей жылқысы бар. Шаруашылық басшысы Сәтбек Мукин 2001 жылдан бері қымызды бөтелкеге құйып сатумен айналысуда. Ісі табысты. Тәулігіне 300 литрге дейін қымыз өндіріледі, бір литрінің бағасы – 400 теңге. Келесі жылдан бастап өнімнің тәуліктік мөлшерін 1 тоннаға дейін көбейтпек. Қожа­лықта 20 адам жұмыс жасайды. Екіншіден, «Алтайдың» қымызы халықаралық ИСО сапа сертификатына ие. Жыл сайын өткізілетін «Зеленая неделя» атты халықаралық көрменің тұрақты қатысушысы. Қымыз цехы жаз айларында күніне – 200-250 литр қымыз дайындайды. Тәулігіне 25 литр қымыз беретін «рекордсмен» биелер бар. 2009 жылы шаруашылық Германияда өткен халықаралық «Жасыл апта» көрмесіне қатысты. Тағы да шақырту алыпты. Елі­мізде өткізілетін «Қараөткел» жәрмеңкесінде үш жыл қатарынан «Ең үздік қымыз» атағын ешкім­ге бермей келе жатыр. Шаруа­шылықта Алтай өлке­сінен әке­лінген және жергілікті жыл­қыларды будандастыру ар­қылы алынған Жабы тұқымы өсіреді. Жыл аяғына қарай ол басқаратын қожалық «Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы» мәртебесіне ие болмақ. Былтыр «Жы­лына қуаттылығы 200 тонна бие сүтін қайта өңдеуді ұйым­дастыру» бағытында қымыз цехын кеңейту бойынша инвестициялық жоба әзірленді. Оның негізінде мал шаруашылығы кешенін салу, жалпы құны 75 миллион теңгені құрайтын 300 биені сатып алу жоспарланды. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, жаңадан ауылшаруашылығы техникалары сатып алынбақ. – Көз қорқақ, қол батыр. Біз­дің де өзгелер сияқты заманауи үлгідегі технологияны меңгергіміз келеді. Халықаралық көрмелерге қатысып жүргендіктен, жұрттың озық тәжірибесін қолданып, қымыздан дәрі жасап шығарсам деп ойлаймын, – дейді С.Мукин. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Лебяжі ауданы.